Спорт/Шоу-Биз

Белгілі UFC  чемпионы ресми түрде мансабын аяқтады

1
(1)

Абсолютті күрес чемпионатының (UFC) жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов ресми түрде мансабын аяқтады, деді ұйым басшысы Дэйна Уайт. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі Известия басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Ол 100% ресми түрде зейнетке шығады. Сіздің қалай жұмыс жасағаныңызды көру керемет болды, барлығы үшін рақмет, келесіде болатын барлық нәрседен ләззат алыңыз, досым», – деп Twitter парақшасында жазды.

Нурмагомедов UFC 254 турнирі аясында Абу-Дабиде Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін 2020 жылдың қазан айында мансабының аяқталғанын жариялады. Ол әлі күнге дейін жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағына ие. БАҚ-тың хабарлауынша, ол Ресейде жекпе-жек мектебін ашып, оны марқұм әкесі Абдулманап Нурмагомедовтың есімімен атайды.

Содан бері Уайт ресейлікті спортқа қайтару жоспарлары туралы бірнеше рет мәлімдеді.

Нурмагомедовтың активінде 29 жеңіс және бірде-бір жеңіліс жоқ.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button