Спорт/Шоу-Биз

Екінші жартысын кездестірмеген бойдақ спортшылар

0
(0)

Ел намысын қорғап жүрген отандық спортшылардың жеке өмірі қашанда отандастарының назарында болмақ.
Талай сында жеңіске жеткен ержүрек батырларымыз баршылық. Сынға түскен кейбір спортшыларымыз үйленіп, бойдақтар саны жыл сайын кеміп жатыр. Алайда, әлі де қалауындағы аруды кезіктірмеген қайсар жігіттеріміз де жетерлік. Ендеше сымбаты талай арудың жүрегін жаулаған бойдақтардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз
Әділбек Ниязымбетов
31 жасар қазақтың «күміс баласы» атанып кеткен Әділбек өзінің сыпайылығымен, салмақтылығымен көрермендердің жүрегін жаулап алды. Ол екі дүркін Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Бір сұхбатында өз сүйіктісінің бар екендігін және тойдың алыс еместігін айтқан болатын. Алайда көркем мінезді спортшымыз әзірше басы бос.
Василий Левит
32 жасар боксшы бойдақтардың қатарын көбейтіп отырғандардың бірі.
2016 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Дәл осы жетістігінен кейін ол көпшілік арасында супер танымалдылыққа ие болды. Финалдық бәсекедегі ресейлік қарсыласынан жеңілгенімен, халық оны «алтын бала» атап кеткен болатын. Өте ауыр салмақтағы бокс майталманы өмірлік жарын кездестірмеді.
Абзал Ажғалиев
28 жастағы шорт-тректен әлем кубоктарының жүлдегері мен жеңімпазы, сері жігітіміз махабатын әлі кездестіре қоймады. 2018 жылғы Олимпиадада Қазақстан туын ұстап шыққан спортшымыз, алдағы уақытта талай додада жетістіктерге жететініне сенімдіміз.
Дмитрий Баландин
25 жастағы 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында жүзуден тұңғыш алтын медальға қол жеткізген қазақ спортшысы. Жас кездерінде әкесі волейболға, анасы коньки сырғанаушы болған ол, спортқа бір табан жақын болып өскен. «Акула» лақап атымен танымал Дима, отанына талай медаль сыйлайды деген ойдамыз. Бүгінде Баландин бойдақтардың сапын толықтыруда.
Елдос Ахметов
30 жасар Елдос «Қайсар» клубы мен Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының қорғаушысы. Орда бұзар жасқа келсе де, Елдос әлі күнге дейін үйленген жоқ. Түр-сымбаты келіскен футболшымыз алдағы уақытта шаңырақ көтеріп қуантады деп ойлаймыз.
Қуат Хамитов
Отандық ережесіз жекпе-жектің жұлдызы, «Найман» деген бүркеншік есіммен айқас алаңына шығып жүрген 32 жастағы Қуат Хамитов осы күнге дейін басы бос. Спортқа деген «махаббаты» ерекше ол жеке өмірі туралы желіде жақ ашпайды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close