Спорт/Шоу-Биз

Ұлымды 27 жыл көрмедім – «Бауыржан шоу» актері

3.5
(2)

«Бауыржан шоу» театрының актері Нұрбек Мәдиев тұңғышын 27 жыл көрмегенін «Ең алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында айтып берді. 

Студент шақта Лиза есімді арумен шаңырақ көтеріп, кейін дәм-тұзы жараспай, ажырасып кеткен. Бұрынғы әйелі өзімен бірге 4 жасар баласын да ала кетеді. Баладан айрылу бәрінен бұрын 4 жасына дейін бауырына басып баққан актердің ата-анасына ауыр соққан.

«Лиза екеуміз жатақханада тұрдық. Тұңғыш ұлымды менің әке-шешем бақты. Олар бауыр басып қалған шағында әйелім алып кетті. Құдалар бір-бірін түсінісе алмады. Құдалар ұрысып жатқаны маған ауыр тиді. Сосын ажырасайық дедім. Әйелім ұлын алып кетті. Сол кеткеннен өзін де, ұлымды да көрмедік», – дейді.

Бексұлтан есімді тұңғышын актердің көрмегеніне 27 жыл болған. Актердің жүрегін ауыртқан жайт, әкесінің сол немересін қайта көре алмай, дүниеден өтуі. Өнер иесінің анасы да тұңыш немересін әлі де сағынатынын, көргісі келетінін көзіне жас алып, жеткізді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button