Спорт/Шоу-Биз

Нұрбек Мәдиев: адам өліміне әкеп соққан жол апатынан кейін ішкілікке салындым!

0
(0)

«Бауыржан шоу» театрының актері Нұрбек Мәдиев театрдан кетуіне не себеп болғанын, рөлде келе жатып, кісі өліміне себеп болған жол апатынан кейін қалай ішімдікке үйір болғанын «Ең алғашқы» бағдарламасына берген сұхбатында ақтарыла баяндады.

«2005 жылы қайын атамның мерейтойына бардық. Ертеңіне қайынағам асығыс болып, атам, енем, әйелім кеп «көлікпен апарып тастай қойшы» деді. Барғым келмеді. Сонда отказ беруім керек еді. Рөлде ұйықтап та кеткен жоқпын. Алдыңғы және артқы дөңгелегім жарылды. 180-мен келе жатқам. Қасымдағылардың бәрі ұйықтап жатыр. Ішінде балам, әйелім, бажам, атамның қайынағасы отыр. Осындай апатқа ұшырадым. Өзімді кінәлі сезіндім. Әйелімнің өзі кінәлады. Әдейі істедің деген адамдар да болды. Бәрі жаныма батты», – дейді Нұрбек Мәдиев.

Адам өліміне әкеп соққан жол апатынан кейін терең күйзеліске түскен актер ішімдікке салынып, қант диабетіне шалдыққан. Ащы суды бір ішсе, бірнеше күн қатарынан салынып ішетін халге түскен өнер иесі Бекет атаның басына, Қарақалпақстандағы Қосай атаның басына түнеп, зиярат еткен. Нұрбек Мәдиевті тек әкесінің сүйектен өткізе айтқан сөздері ғана тоқтатып, ішімдікті қойған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button