Спорт/Шоу-Биз

«Жеті ай өтті»: Сиви Махмуди Жанар Хамитоваға деген сағынышын жеткізді

0
(0)

Отандық танымал әнші Сиви Махмуди өткен жылы қайтыс болған Жанар Хамитованы есіне алды. Шоу-бизнес жұлдызы марқұм құрбысына деген сағынышын жеткізіп, оған желіде жазба арнаған деп жазады Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап
Күні кеше Сиви Махмуди Instagram парақшасында қайғылы жағдайда қайтыс болған Жанар Хамитовамен түскен видеосын жариялап, онымен бірге өткізген уақытын есіне алды. Бейнежазбада қос әнші айнаға қарап, киім-кешектері туралы ақылдасып тұрғанын көруге болады.
Өнер иесі марқұм құрбысын қатты сағынып жүргенін айтты. Ол көп уақыт бойы қасында болған Жанардың өлімін әлі қабылдай алмай жүрген көрінеді.
«Осыдан тура бір жыл бұрын Жанар алғаш рет «Астарлы ақиқат» бағдарламасына шыққан еді. Ол араға он жыл салып, тікелей эфирде бой көрсеткен болатын.
Бүгін арамызда жоқ болғаныңа сегіз ай өтті. Сен әрдайым біздің жүрегіміздесің, Сені қатты сағынып жүрміз. Мәңгі есімізде қаласың. Жеті нан пісіріп, құран бағыштап қойыңыздар», – деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін Сиви Махмуди Жанар Хамитованың өлімінен кейін әлі күйзелістен шыға алмай жүргенін айтқан

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close