Спорт/Шоу-Биз

Әйеліне арнап рэп оқыған Қайрат Нұртас желіні жарды

0
(0)

Қазақстандық шоу-бизнес хитмені Қайрат Нұртас әйелі Жұлдыз Әбдікәрімоваға арнап, рэп оқып берді. Өнер иесі көлік тізгіндеп келе жатып, асыл жарының құрметіне өзі үшін ерекше форматтағы әнді шырқаған. Желідегілер әнші өлең сөздерін сол сәтте ойдан шығарғанын болжады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың рэп оқып жатқан сәтін Instagram желісінде Жұлдыз Әбдікәрімованың өзі жариялаған. Ол жұлдызды жолдасының өзіне арнап, рэп оқығанын қалың көпшілікпен де бөлісуді жөн көрсе керек. Видеода шоу-бизнес жұлдызы көлік жүргізіп келе жатса да, жарынан көзін алмай отырғанын көруге болады. Өнер иесі сүйіктісінің көңілін көтеру үшін оның құрметіне ырғақты ән шырқап, артынан жұлқына билеп те берген. Оған қоса, бейнежазбада Қайрат қолғаппен болса, Жұлдыз бетіне медициналық маска тағып алған. Желідегілер ерлі-зайыптыларға сүйсіне қарап, оларға деген ақ тілегін жаубырды.

«Жарасымды жұп, бақытты болыңыздар», «Қайраттың рэп оқығаны қызық екен» , «Сөзін сол жерде шығарып отырған сияқты ғой», «Керемет, жарайсың. Жарыңды қуанта білесің» , «Осы әнді шығарсаңызшы, хит болары сөзсіз» , «Ән десе ән, би десе би. Жұлдыздың арманы жоқ шығар» , – деп жазды оқырмандар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Back to top button