Димаш Құдайберген карантин уақытын қалай өткізуде?

 654 

Күллі әлемге қазақ атын танытып жүрген Димаш Құдайберген карантин уақытын қалай өткізіп жатқанын көрсетті. Коронавирус пандемиясы салдарынан гастрольдік сапары кейінге қалдырылған әнші бүгінде туған жеріне оралып, өзге отандастары іспетті үйінен шықпай отыр. Ғажайып дауыс иесі отбасымен қауышып, бар уақытын жақындарына арнап жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Димаш Құдайберген коронавирус салдарынан енгізілген карантин режимін ата-апасының қасында өткізуде. Өнер иесі Instagram парақшасында ерекше отбасылық суреттерді жариялап, жанкүйерлерін бір қуантып алды. Онда Димаштың өзі, ата-әжесі, қарындасы мен інісі де бой көрсетті.

«Қайырлы таң. Бұл дүниеде отбасы ең маңызды болып табылады. Дәл қазір ата-анаңа, ата-апаңа хабарласып, оларды қалай жақсы көретініңді айт» , – деген жазба қалдырды ол.

Желі қолданушылары әншінің ата-апасымен түскен фотоларын көріп, тәнті болған. Олар әртістің жанұясына деген жылы лебізін жарыса білдірді.

«Керемет көрініс, көздің жауын алады» , «Сондай тату отбасысыздар. Мына фотодан мейірімділік деген шашып тұр» , «Ата-апасына еркелеп отыр» , «Мұндай жағдайда отбасыңмен өткізген әрбір минутың қымбат» , «Атаңызға ұқсапсыз» , «Өте қарапайым әрі мейірімді отбасы» , «Үлгі алар жанұясыздар» , – деп жазуда көпшілік.

Бөлісу:


Және де: