Спорт/Шоу-Биз

Данэлия Төлешова АҚШ көрермендерінің көзайымына айналып, ақтық мәреге жолдама алды

5
(3)

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова АҚШ-та өтіп жатқан America’ s Got Talent өнер додасының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

«Данэлия Төлешова АҚШ көрермендерінің бір тәулік ішінде дауыс беру нәтижелері бойынша фавориттер қатарында болды және әлемдік шоу финалында өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Финалға өту үшін сынға түскен қатысушылардың үштігінде Данэлиямен қатар «Golden buzzer»-дің (қазылар алқасының арнайы қолдауы) екі иегері болды, алайда көрермендер қазақстандық әншіні қолдады», – деп хабарлайды Данэлия Төлешованың PR-директоры Татьяна Синенко Фейсбуктегі парақшасында .

America’ s Got Talent 15-кезеңінің финалы 22 қыркүйекте NBC телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.

«Осы уақыт ішінде мені қолдағандарыңыз үшін алғыс айтамын. Бұл шешуші апта болады, көп жұмыс істеу керек. Мен үміттеріңізді ақтауға тырысамын», – деді Данэлия.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close