Спорт / ШоуБиз

Мөлдір Мұқанова айтыскер Айшолпан Тілеутаймен келісімшартты не үшін тоқтатқанын айтты

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың әйелі, продюсер Мөлдір Мұқанова айтыскер ақын АйшолпанТілеутаймен келісімшартты не үшін тоқтатқанын айтты, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Айшолпан маған өзі келді. Халыққа ренжи береді екен. Өзінің жерлес айтыскер әпкерлері – Айнұр Тұрсынбаева мен Сара Тоқтамысоваға деген ренішін айтты. Әңгіме арасында негізі сол кісілер қолдау керек еді, бірақ сіз көмектесіп жүрсіз деп қалатын.  Сөйтіп, 5 жылға келісімшарт жасап, продюсері болдым, – дейді Мөлдір Мұқанова журналист Асхат Садырбайға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, келісімшарттан екі пункттен алып тастаған. Біреуі – күйеуге шығуға болады, екіншісі – салмақ қоса берсең де ештеңе айтпаймын деген рұқсат.

Салмақ қоспау туралы шарт болса да, орындалмас еді (күлді). Басында барлығы әдемі болды. Концерттерге шықты.  Бір күні сосын Айшолпан жоғалып кетті. Таппай қалдық. Сосын 3-4 күннен кейін жылап-еңіреп келді. «Кешіріңіз, қателестім, қайтадан жұмыс істейік» деп айтты. «Жарайды» деп кешірдім, – дейді продюсер.

Оның айтуынша, Айшолпан бұдан кейін тағы бір рет жоқ болып кеткен. Телефонын бәрін өшіріп тастайды екен.

Сол уақытта не істейтінін білмеймін. Өзінің жеке өмірі. Жас қыз, тұрмысқа шығуы керек. Бұлай жүруіне болмайды. Ел алдында  жүрген адам жоқ болып кеткенде не істейтінін білсем де айта алмаймын, – дейді Мөлдір Мұқанова.

Келісімшарт әлі жатыр екен. Тұрсынбек Қабатовтың әйелі жас айтыскерге «Есейгенде түсінесің» деп айтқан.

Бұған дейін Айшолпан Тілеутай «1001 түн» бағдарламасында «Менің жүретін жолым, бағытым басқа екенін түсіндім. Айтыскер ақын болғаннан кейін көп адамға көне бермеймін. Еркелігім де болды, қысқасы сыймай қалдым» деп айтқан болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.