Спорт / ШоуБиз

Тәшкендегі финалда бокс көрген қазақтар билет қымбаттығына қарамаған

Өзбекістанның астанасы Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатынының додасында өнер көрсеткен боксшылар елге оралды. Солардың бірі алтын медаль иегері Махмут Сабырхан Хабар арнасындағы “Ұйқым келмейді” түнгі бағдарламасына келіп, сұхбат берді, деп хабарлайды newsroom.kz.

“Өзім Шымкенттен болған соң, Ташкент тиіп тұр деп ағаларым бәрі жиналып барған. Жанкүйерлердің қолдауы кәдімгідей сезіледі. Егер өзге елде өз еліңнің жанкүйерлерінің қолдауын сезбесең, кері әсерін тигізеді. Финалдық кездесуде қазақ жанкүйерлері өте көп болды. Ерекше күш берді десем де болады. Жартылай финал мен финал билеттері ақылы болды. Сондықтан да өзбек ағайындылары мен қазақтардың саны бірдей болып қалды. Мен рингке шыққанға дейін көрермендерге қарамадым. Ал соңында кім жеңгенін көрсететін кезде еліміздің туын, қаншама қазақ жанкүйерлерін көріп, көзіме жас келді. Финалға қазақ жанкүйерлері билеттің ақшасына қарамастан сатып алып, қолдау көрсетті. Спортшыларға кәдімгідей қолдау болды. Әсіресе әнұранды бірге қосылып шырқағанын көргенде ерекше сезімде болдым”,- дейді әлем чемпионы Махмут Сабырхан.

Естеріңізге сала кетсек, 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «алтын» үшін жекпе-жекте Сабырхан өзбекстандық Ойбек Джураевпен рингке шығып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.4 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.