Спорт

Әкім Токио Олимпиадасының жүлдегерлеріне пәтер сыйлады!

4
(1)

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов каратэден Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері Дархан Асәділов пен Софья Берульцеваға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды newsroom.kz. порталы Шымкент қаласының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Спорттағы жеңістер ел абыройы үшін қызмет ететінін айтқан қала әкімі мемлекет басшысы жазғы Олимпиада ойындарында жүлдегер болған қазақстандық спортшылардың еңбегін ерекше бағалап мемлекеттік награда тағайындағанын атап өтті.

Төрт жылдықтың басты бәсекесінде ел үмітін ақтаған Дархан Асәділов пен Софья Берульцева «Құрмет» орденімен наградталған.

Мұрат Әйтенов жетістіктер арқылы каратэ спорт түрінің қалада даму деңгейін көрсеткенін айтып, осы еңбектері үшін қала тұрғындары атынан алғыс білдірді.

Айта кетейік, спортшыларға тұрғын үй қорындағы «Нұрсат» шағын ауданынан 1 бөлмелі пәтер берілді.

Каратэ спорты Олимпиада ойындарына тұңғыш рет енгізілген еді. Дархан мен Софья – каратэ тарихында Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегерлері.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!



Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button