Спорт/Шоу-Биз

Бағлан Әбдірайымов: құмар ойындардан мені құдай алып шықты!

5
(4)

Құмар ойындарға әуестік – адасқан жанды ғана емес, отбасын, айналасын бақытсыздыққа ұшырататын ауыр дерт.Бір кезде тура жолдан тайған «Жігіттер» квартетінің әншісі, Бағлан Әбдірайымов қалай өз-өзін жеңді? Елдің көзіне тік қарай алмайтын халге жеткен Бағлан Әбдірайымов жаман әдеттің өмірі мен шығармашылығына қалай әсер еткенін «Пендеміз ғой» бағдарламасына айтып берді.

«Шыны керек, тойға барсаң, қариялар бата бетіп жатады, аналарымыз маңдайыңды сүйіп жатады. Көзің жанбағаннан кейін, ішің бықсық болғаннан кейін батаның керегі қанша? Ішімде ұрының арты қуыс болып тұратын. Елдің көзіне тіке қарай алмайсың».

Казиноны 1 жылдан астам уақыт бойы жағалаған Бағдар Әбдірайымов үйі мен көлігінен басқа, 200 мың доллардан астам ақша қарыз болып қалған.

Құмар ойынға қарай қалай аяқ басып, қарызға белшесінен батқаны жайлы:«Көрсеқызарлық болды, еліктеушілік болды, осының барлығы соңында азартқа әкеп соқты. Жақындарымның сенімін жоғалтқаннан кейін ломбардтарға баруға тура келді», – дейді өнер иесі.

Осы тұста күйеуін қайтсем, құмар ойыннан алып шығам деген әншінің жұбайы Роза Айтбаева тіпті көптеген психологтарды оқи бастаған.

«Менің бар ойым – Бағланға мұның дұрыс емес екенін, ар жағы не болатынын жеткізу болды. Көп психологтарды ақтарып, оқи бастадым. Бағланды шығарып алу үшін. Олар ешкімді естімейді екен. Басқа жолдарды қарастырдым. Түсінгенім, әркімнің санасына жетеді», – дейді ауыр күндерді еске алған жұбайы.

«Құмар ойындардан мені әуелі Құдай алып шықты. Құдай назарына іліксең ғана алып шығады деп ойлаймын. Басты мәселе – адамның мойындамауында. Бауыржан Момышұлы атамыздың сөзі бар «Ер азамат үш түрлі қартаяды. Біреуі шал болады, біреуі ақсақал болады, біреуі абыз болады». Ақсақал мен абыз енді белгілі. Шал деген кім десе, қазан-ошақтың айналасында, өсек-аяңның айналасында жүретін, тек шашы мен сақалы ағарған өмірі босқа өткен адам. Сөйтіп, ойландым. Егер осы жүрсіті қоймасаң, шалдың да деңгейіне жетпей қалайын деп тұрсың ғой деп».
Бүгінде құмар ойындарын ақымақтың тірлігі санайтын азамат қарыздарын құтылуға таяған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button