Спорт/Шоу-Биз

Қазақстандық жігіт Иманбек Зейкенов Grammy сыйлығын жеңіп алды

0
(0)

Халықаралық жүлдені жиырма жастағы жігіт америкалық рэпердің «Roses» композициясына жасаған ремиксі үшін алды.

Оның бұл туындысы YouTube-те 1 миллион рет қаралып, Billboard Hot 100 ретингісінің үздік бестігіне кірген. Ал өткен мамыр айында британдық хит-парадта көш бастады. Осылайша америкалық рэпердің ремиксі ең танымал ондық композицияның ішіне кірді. Осы жетістіктен кейін Иманбек Зейкенов ресейлік дыбысжазу компаниясымен келісімге отырды.

Айта кетейік, Грэмми сыйлығының 63-і марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте онлайн өтті. Беделді музыкалық сайыста қазақстандық үш қарсыласын басып озды. Қазақстан тарихында бұған дейін мұндай сыйлыққа ешкім ие болған емес.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button