Спорт/Шоу-Биз

Қазақстан құрамасы Беларусьтен жеңіліп қалды

0
(0)

Дәл қазір футболдан UEFA Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының сырт алаңдағы Беларусьпен кездесуі аяқталды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі  ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетелік, екі құрама С лигасы төртінші тобында сынға түседі. Олардан өзге Албания және Литва құрамалары бар. Алғашқы үш турда аталған топтағы төрт құрама бірдей ұпай жинады. Сондықтан төртінші тур қай құраманың көш бастайтынын анықтауға мүмкіндік жасайтын.

Оны Беларусь пен Қазақстан футболшылары жақсы түсінетін. Сондықтан ойын басынан екі құрама бірден шабуыл шебіне шықты. Қазақстандық футболшылардың есеп ашатын бірнеше мүмкіндігі болған еді. Дегенмен оны пайдалана алған жоқ.

Есесіне алаң иелері сапынан Евгений Яблонский мергендік танытты. Ал тоқсан минут түгесілер тұста Беларусь футболшысы Роман Юзепчук қорытынды есепті белгіледі. Осылайша алаң иелері 2:0 есебімен басым түсті.

Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық футболшылар бұған дейін Беларусь құрамасымен төрт мәрте кездесті. 2010 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында қазақстандықтар аталған қарсыласына 1:5, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Одан кейін 2011 жылы жолдастық кездесуде екі құрама 1:1 есебімен тең түсті. Ал биылғы Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы өз алаңында аталған қарсыласына 1:2 есебімен жол беріп қойды.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close