Спорт/Шоу-Биз

Ер кезегі – Үш

4.7
(24)

Қазақтың қайраулы қылышына баланған Алматылық «Қайрат» еуропа лигасының екінші іріктеу турында Израильдік «Маккаби Хайфа» ұжымымен қонақта ойын көрсетеді. Бұның алдыңғы жылдары осы доданың іріктеу сатыларында Қайрат Израильдік клубтармен екі мәрте кездескен болатын. Екуінде де қарсыластар Қайраттың турнирдегі жолын шектеген болатын.

2016 жылдың жазында Маккаби Тель-Авивке жалпы есеп қорындысында 2:1 нәтижиесімен ұтылған болса, өткен жылы тамыз айнда Хапоэль Беэр-Шева ұжымына 1:3 есебімен жол берген еді. Биыл Таяу шығыс елінің командаларына Қайраттың бағы мен бабы үшінші мәрте түйісіп отыр. Ердің кезегі үшеу дейтін еді деп, осы жолы отандық ұжымнан ерлік күтеміз. Ел біріншілігінің бірінші орынында келе жатқан Қайраттың қарымын осал деуге келмес. Құрамына төрткүл дүниеге доп соғып танылған Вагнер Лавты қосып, бабын толтырып, бағын оң қылып жүрген Алматылық Қайраттың биылғы клубтық межесін бір-екі қырдан емес, алыстан күткіміз келеді.

Матч 17 қыркүйек күні, Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де басталады.

Б.Нұр-Мұхаммед

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.7 / 5. Бағалар саны: 24

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close