Спорт/Шоу-Биз

Қайрат Нұрастың жары Жұлдыз меншікті мерекесін қалай қарсы алды?

0
(0)

Күні кеше Жұлдыз Әбдікәрімованың туған күні өтті. Аздаған уақыт ішінде Айдарбековтер әулетінің келіні қанша қырын халыққа көрсетті? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталы хабарлайды.

Қайраттың жары Жұлдыз бүгін 32-ші көктемін қарсы алды. Қайын жұрты карантинге қарамастан тұңғыш келінге тосынсый жасап, түн жарымда ақ жарма тілегін арнай келіпті.

«Туған күніңмен, қызым. Балаларыңның жақсылығын көр. Осылар үлкен азамат пен азаматша болсын! Өздеріңе қолқанат болсын. Жылдан – жылға жасың ұлғая берсін!» – деп құттықтады Нұртас Айдарбеков.

Естеріңізге салсақ, Әбдікәрімова алғаш рет дәл осы клипте хитменнің сүйіктісін сомдап еді. Ол кезде екі жас шаңырақ көтермеген. Алайда Қайраттың келіншегі бұл бейнебаяннан соң мүлдем бой көрсетпей, он жыл жұрт назарынан тасада жүрді. Осы уақыт аралығында жұмбақ болған әншінің жанұясы жайлы білгісі келген жанда есеп болмады. Алайда Айдарбековтер келінін халыққа тек 2017 жылы таныстырды.

«Осы күнге жеткеніме қатты қуанып отырмын. Менің арманымның ең биік шыңы деп ойлаймын», – дейді Қайрат Нұртас.

Жұлдыз Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін тәмамдаған кәсіби актриса. Бұған дейін халықтан да, киноәлемінен де жырақта жүрген хитменнің жары, алғаш рет «Арман» фильмі арқылы танылған еді. Ал 2018 жылы дәл осы картинадағы рөлі үшін отандық киносыншылардың  таңдауымен «Ең үздік әйел» образын еншілеген.

«Ең керемет сәт осы шығар. Бір қайыры боп тұрған шығар. Сондықтан жақсы жағынан түсініңіздер. Міне, Жұлдыз осы. (күліп) Бүгін Жұлдыздың дебюті қаттырақ-қаттырақ қошеметтеп қойыңыздаршы», – деді хитмен.

«Күйеуге шығып, Алла тілеумізді қабыл етіп, балалы болдық. Ұл-қыздарымның тәрбиесінде болдым дегендей, одан кейін жұмысқа кірісіп кету деген шыны керек, оңай болмады», – дейді  Жұлдыз Әбдікәрімова.

Дәл осы ресми таныстырылымнан соң Жұлдыз айды аспанға шығарды. Бірқатар бейнеклиптерде бой көрсетті.Қайратпен Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, тіпті бірге ән шырқап көпті таң қалдырды.

Бүгінде Жұлдыз төрт бала тәрбиелеп отырған аяулы ана. Сондай-ақ шығармашылығын да шетке ысырмаған бикеш, жеке меншік YouTube арнасын ашып, отбасылық құндылықтар мен ұрпақ тәрбиесі жөнінде тәлім беріп жүр. Соңғы уақытта шоу-бизнес өкілдерімен де сұхбаттасуда. Және екі миллионға жуық оқырманы бар Қайраттың жары, инстаграмның да белсенді қолданушысы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close