Спорт / ШоуБиз

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Нидерландыға жеңілді

Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогының топтық бәсекесі басталып, Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасына есе жіберді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстан – Нидерланды матчында алғашқы болып командалардың екінші ракеткалары Михаил Кукушкин (221 АТР) мен Таллон Грикспур (48 АТР) кортқа шықты. Бірінші сет 30 минутқа созылып, 6:1 есебімен Таллонның пайдасына шешілді.   Екінші сетте Кукушкин 6:3 есебімен басым түсіп, есе қайтарды. Үшінші шешуші сетте Нрикспур 6:3 есебімен басым болып, құрамасын алға шығарды.

Кездесуден кейін ойынға қатысты Михаил Кукушкин ойымен бөлісті.
«Бұл қатардағы бір қарапайым турнир болса, мен 1:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалар едім, өйткені қарсылас шыны керек менен бір бас жоғары ойнады. Бірақ, бұл құрама сапындағы ойын болғандықтан, ел намысы тұрғанда, аянып қалмауға тырыстым, жанкүйерлердің сенімін ақтау үшін соңына дейін бар күшімді салдым. Бүгін өкінішке қарай жолым болмады»,- деді қазақстандық теннисші.

Екінші ойында Александр Бублик (44 АТР) пен Ботик ван де Зандсхулп (35 АТР) кім мықтыны анықтады. Жеңіс қарсыластың еншісінде кетті. Қорытынды есеп: 6:3, 1:6, 4:6.

Үшінші ойында, жұптық кездесуде ел намысын Александр Бублик пен Александр Недовесов қорғады. Қазақстан жұбы Матве Мидделкоп – Уэсли Колхофты 6:4, 1:6, 6:3 есебімен ұтты. Келесі кезеңде Қазақстан командасы АҚШ-пен ойнайды. Бұл бәсеке 15 қыркүйекке жоспарланған.

Плей-офф кезеңіне үздік екі команда жолдама алады.

D тобында аталған екі командадан бөлек АҚШ және Ұлыбритания құрамалары ойнайды.  

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.