Спорт

Қытайлық спортшы Ақнар Адаққызы туралы сіз білмейтін деректер

Қытайлық спортшы Ақнар Адаққызы туралы сіз білмейтін деректер

1999 жылдың түлегі Ақнар Адаққызы туған жеріндегі «Санжы газетіне» берген сұхбатында: «Отаным мені баулып, жеткізді. Мен олимпиада ойындарындағы тамаша нәтижеммен отанымның, туған жерімнің үмітін ақтауым керек»,- деген еді деп хабарлайды Newsroom.kz порталы kaz.people.cn сайтына сілтеме жасап

Ол 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасында конькимен жүгіруде әйелдер арасындағы 1500 метр мен 3000 метрлік додаға түсті.

Ақнар Адаққызы 1999 жылы 1 маусымда Шыңжаңның Құтыби ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, Қытайдың конькимен жүгіру спортшысы.

2019 жылдың наурыз айында Ақнар Адаққызы конькимен жүгіруден 2018-2019 жылғы Ұлттық чемпионатта әйелдер арасында 5000 метр қашықтық бойынша чемпион атанды. 2019 жылдың қарашасында Ақнар Адаққызы 2019-2020 жылдардағы конькимен жүгіруден жастар арасындағы әлем кубогының бірінші кезеңінде әйелдер арасындағы 3000 метр қашықтықта жасөспірімдер деңгейінде чемпион атанды. Үстіміздегі жылдың қаңтарында ол 2022 жылғы Бейжің қысқы Олимпиадасына Қытай спорт делегациясының конькимен жүгіру спортшыларының тізіміне таңдалды.

Ақнар Адаққызы 2009 жылы бастауыш сыныпта оқып жүрген кеінде-ақ секіру және жүгіру қабілетімен көзге түсіп, шорт-тректен конькимен сырғанау бойынша жаттығуға таңдалды. Ақнар өзінің тума таланты мен өршіл талпынысы арқасында Шыңжаң спорт командасының мүшесі болды. 2016 жылы Шыңжаңда өткен 13-інші Қытай қысқы ойындарында ол шебер өнер көрсетіп, ұлттық құрамаға шақырылды.

Ұлттық құрамаға кіргеннен кейін 2018 жылы Ақнар бапкердің келісімімен конькимен жүгіруден жарысқа қатысты. Дәл осы жарыс оның шорт-тректен конькимен жүгіруге ауысуына түрткі болды. Ол тамаша төзімділігінің арқасында 3000 және 5000 метрге конькимен жүгіруге талаптанады.

Жарты жылдан кейін-ақ Ақнар Адаққызы ел чемпионатының медалімен өзінің шорт-тректен конькимен жүгіруді таңдауының дұрыстығын дәлелдеді. Содан бері көптеген халықаралық байқауларға қатысып, біршама марапаттарға ие болды. Әсіресе 2019-2020 жылдардағы конькимен жүгіруден жастар арасындағы әлем кубогының Норвегиядағы жарысында Ақнар Адаққызы әйелдер арасындағы 3000 метрге жаңа ересектер чемпионатында 4:24.799 нәтижемен бас жүлдені жеңіп алды.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дайындық циклі басталғалы Ақнар Адаққызы бар күшімен жарысқа дайындалды. Үзбей жасаған дайындығының арқасында ол 3000 метрге және 5000 метрге конькимен жүгіруден жинаған балы жоғары болып, олимпиадаға қатысуға жолдама алды.

7 ақпанда Ұлттық конькимен жүгіру стадионының «Мұз таспасында» бірінші қысқы Олимпиада ойындарының әйелдер арасында 3000 метрге конькимен жүгіру жарысы өтті. Бұл жарыста қытайлық Ақнар Адаққызы 4:12.28 көрсеткішімен 17-нші орынға ие болды.

Ойыннан кейін әлеуметтік желі қолданушылары Ақнардың «көзілдірікті шешіп алғаны қандай әдемі» деп таңдай қағысты!

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 4.4 / 5. Бағалар саны: 7

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.