Спорт/Шоу-Биз

Қытай отандық тарихи телехикаяларды сатып алуда

5
(1)

Режиссер Рүстем Әбдіраштың «Алмас қылыш» (2017), «Алтын тақ» (2019) көркем фильмдерін және «Қазақ хандығы» тарихи телехикаясының екі маусымын Түркия (Duru Filmcilik) және Қытайдың (Magic Fair) дистрибьютерлік компаниялары сатып алды, деп хабарлайды  Newsroom+ақпарат агенттігі      zakon.kz-ке сілтеме жасап.

2017 жылы «Алмас қылыш» фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Кореялық Amadeus компаниясы сатып алған болатын.

Бұл жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, «Қазақфильм» киностудиясында Сentaurus Rustem Abdrashev production компаниясының қатысуымен түсірілген.

Көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің «Алмас қылыш» романының желісі бойынша түсірілген «Қазақ хандығы» жобасы XV ғасырдағы көшпелі қазақ тайпаларының басын қосқан қазақтың алғашқы хандары – Керей мен Жәнібек сұлтандардың билік құрған кезеңін қамтиды.

Айта кетсек, Youtube желісіне жүктелген «Алмас қылыш» фильмі 7 миллионға жуық қаралым, сондай-ақ, Ресей, Түркия, Америка сынды басқа да елдердің көрермендері қалдырған 12 мыңнан астам пікір жинаған.

Казіргі уақытта тарихи кинодастанның Netflix стриминг платформасында шығуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button