Спорт / ШоуБиз

Футболда әлемдік рекорд орнатқан ойыншы кім?

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби карьерасындағы гол саны бойынша әлемдік рекорд орнатты, — деп хабарлайды Newsroom.kz порталы kznews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Р-Спорт» мәліметінше, Роналду АПЛ-дың 29-турындағы лондондық «Тоттенхэм» клубына қарсы ойында (3:2) хет-трик жасаған. Осылайша, оның карьерасында 807 гол соғылған (692 — клубтар үшін, 115 — ұлттық команда үшін).

Португалдық австриялық және чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицаннан асып түскен. Ол мансабында 805 гол соққан. Бицанның жетістігін көптеген статистикалық ресурс, соның ішінде халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен спорттық статистика қоры (RSSSF) растайды. Сонымен қатар, Чех футбол қауымдастығы Бицан ресми матчтарда 821 гол соққанын айтады.

37 жастағы спортшы «Спортинг», «Манчестер Юнайтед», «Реал», «Ювентус»командаларының намысын қорғады. Ол — Чемпиондар Лигасының бес дүркін жеңімпазы. Тамызда Роналду «Манчестер Юнайтедке» оралды.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.