Спорт / ШоуБиз

Видео түсіремін деп 30 млн теңге тұратын көліктің тас-талқанын шығарды (Видео)

Қазақстандық блогер (NNN) Нұрдәулет Бектұрсын мен оның досы Әлішер Қонысбаев Instagram желісіне қызықты видео салу үшін өте қауіпті трюк жасап, құны 30 млн теңге тұратын қымбат көлікті бүлдірді, деп newsroom.kz хабарлайды aikyn.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Нұрдәулет Бектұрсын қатар-қатар биік қойылған дәретхана қағаздары үстіне шығып алады. Бұл арадағы мақсат көлік дәретхана қағаздарына қойып кетіп, ал оның үстіндегі адам секіріп, аман-есен жерге түсуі керек болған. Қатты жылдамдықпен келген көлік дәретхана қағаздарын соғып өтті, ал блогер оның үстінен секіріп, жерге аман-есен түсті. Одан кейін камера көлікке қарай бағытталады. Ал көлік жүргізушісі ту-талақай шашылған дәретхана қағаздарының кесірінен рөлге ие бола алмай қалған болып шықты.

Видеоға сілтеме

Зардап шеккендер жоқ. Алдыңғы жағы әбден бүлінген көлікті эвакуатор тиеп әкетті.

Фото: Aikyn.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.