Спорт / ШоуБиз

Мүгедектігі жоқ спортшы мүгедектер арасында жеңімпаз болды ма?

Бүкіл әлемге масқара болдық. Мүгедектігі жоқ спортшымыз мүгедектер арасында топ жарып, пинзец жағдай орын алды. Дәл қазір Бразилияда сурдолимпиада ойындары өтіп жатыр.

Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы бәсекеде Еркебұлан Қанафин есімді жерлесіміз қарсылас шақ келтірмей, алтын жүлде жеңіп алды. Бірақ, артынан оның ұлттық құрама қатарында болмағаны, іріктеу жарыстарына қатыспағаны, тіпті, есту қабілеті төмендердің тізімінде де жоқтығы анықталды. Енді ана жақта хай-вай. Қазақстандық делегация екіге жарылып, бір-бірімен қырылып жатыр.

Негізі кәсіпқой спортта қыз-жігіттер ауыр жарақат алып, мүгедектер арасындағы бәсекелерге ауысып жатады. Бірақ, дәл осы жағдай непонятка болып тұр. Жоғарыда екі жақ дегенім спортқа жауапты министрлік пен отандық сурдолимпиадалық комитет қой. Алғашқысы, Еркебұланды мүгедектер қатарына жатқызбайды. Өйткені, бағанағы аргументтер бар. Бұған қоса, жарыс кезінде  аудиограммадан өте алмаған. Оған төмендегі сурет дәлел.

Ал, сурдолимпиадалық комитет, керісінше,  лайықты үміткер екенін алға тартады. Соған сенімді. Вообщым, министрлік өкілдері оны жарысқа жібермеуді талап етеді. Ал, комитет тықпалауға тырысады.  Соңында ұйымдастырушы тарап «Қазақстан сурдолимпиадалық комитеті ғана өтініш бере алады» – деп, дзюдошыны жарысқа жібере салады. Салдарынан сол салмақтағы (точно мүмкіндігі шектеулі) Айдос Түгелбаев жарыссыз қалады. Оның орнына түсініксіз Еркебұлан Қанафин шығып, мүгедектердің бәрін жеңіп тастайды.

Даудың басы қайда жатқанын ішім сезіп отыр. Бірер жыл бұрын сурдолимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйақыны олимпиада жүлдегерлерімен теңестірді. Мәселен, чемпион 250 мың доллар алады. Бұған қоса, 3 бөлмелі пәтер және басқа да анау-мынаусы бар. Бұның барлығы осындай әрекеттерге итермелеуі әбден мүмкін. Бірақ,  біләәә, әлемдік деңгейде масқара болу ойға сыймайды. Абсурд. Адамдық тұрғыда да, моральдық тұрғыда да дұрыс емес. Негізі спортта әртүрлі әділетсіздіктер мен қастандықтар болып жатады. Ал, мына жерде одан да өткен бірдеңе. Разборка әлі жүріп жатыр. Жақын арада нақты ақпарат аламыз деп үміттенемін.

 

Спорт журналисті Аслан ҚАЖЕНОВТІҢ фейсбук парақшасынан алынды

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.