Спорт / ШоуБиз

«Ордабасыға» жаңа президент келді

УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына үш мәрте шыққан.

Бауыржан Әбдубаитов «Ордабасы» футбол клубының жаңа президенті атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін «Ордабасы» ФК директорлар кеңесінің шешімі бойынша Әбдубаитов Бауыржан Тойшыбекұлы Клуб Президенті лауазымын иеленді.

Бауыржан Әбдубаитов 1959 жылы 27 қарашада дүниеге келген. Қазақстан Футбол Федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі, Қазақстан Футбол Федерациясының әйелдер футболы комитетінің төрағасы. 2002 жылдан бері «БИІК» компаниясының («БИІК» футбол орталығы және «БИІК-Шымкент» ӘФК) президенті болып саналады», – деп жазылған спорттық клубтың Instagram парақшасында. Клубтың хабарлауынша, Б. Әбдібаитов «БИІК-Шымкент» әйелдер командасының президенті болғанда еуропалық даңқты жарыс – УЕФА Чемпиондар Лигасының 1/8 финалына үш мәрте шыққан.

Айта кетейік, «Ордабасы» – Шымкент қаласында 1998 жылы құрылған қазақстандық кәсіби футбол клубы. Клуб Қазақстан Премьер Лигасында ойнайды және Қазақстан Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы. Клубтың негізгі формасы – ақ және сыртқы формасы көк түстерде.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.