Спорт/Шоу-Биз

Қазақстандық 6 спортшы спорттан шеттетілді

0
(0)

2020 жылдың басынан бері тыйым салынған дәрі-дәрмектер пайдаланған 11 атлет ұсталды. Оның ішінде 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері, ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова да бар.

Оның сынамасынан тыйым салынған анаболикалық стериод Туринабол (Орал) табылып, спортшы төрт жылға жарыстан шеттетілді.

Сондай-ақ, шаңғышы Алексей Полтаранинге қатысты шешім қабылданды. Ол 01.03.2019 жылдан 01.03.2023 жылға дейін үлкен спорттан сырт қалады.

Допингке қарсы ережелерді бұзған спортшылар қатарында Азия ойындарының қатысушысы Любовь Ушакова, 2019 жылғы Азия чемпионатының екі мәрте жүлдегері, тректегі велоспорттан Гран-при турнирінің жүлдегері Роман Василенков, волейболдан Қазақстан командасының мүшесі Антон Кузнецов және хоккейші Владислав Никифиров бар.

Олардың барлығы екі жылдан төрт жылға дейін спорттан шеттетілді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close