Спорт/Шоу-Биз

Головкин – «Канело» жекпе-жегі онжылдықтағы ең үздік айқастар тізімінде екінші орынға ие болды

0
(0)

Mymmanews.com сайты онжылдықтың ең үздік бокс жекпе-жектерінің тізімін жасады. Оған Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альвареспен өткізген екінші айқасы енгізілді, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі inform.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«2018 жылы «Канело» және Головкин жекпе-жегі «Ring» журналында «Жыл айқасы» деп аталған. Бұл олардың қарымта жекпе-жегі болатын. Кездесу Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өткен. Екі боксшы да соңғы раундқа дейін бір-біріне ауыр соққы берумен болды. Альварес төрешілердің бірауыз дауысымен Головкиннен басым түсті», делінген БАҚ-та.

Журналдың нұсқасы бойынша онжылдықтың ең үздік 7 айқасы:

1. Флойд Мэйвезер — Мэнни Пакьяо (2015)

2. Сауль Альварес — Геннадий Головкин (2018)

3. Дэвид Хэй — Дерек Чисора (2012)

4. Тимоти Брэдли — Руслан Проводников (2013)

5. Миккел Кесслер — Карл Фроч (2010)

6. Франсиско Варгас — Орландо Салидо (2016)

7. Теренс Кроуфорд — Юриоркис Гамбоа (2014)

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close