Спорт/Шоу-Биз

«Орамалмен жұмысқа алмайды»: Қалаулым жұлдызы өз жанайқайын жеткізді

0
(0)

Атышулы «Қалаулымның» экс-қатысушысы бүгінде жұмыс таба алмай қиналып жүргенін ашық айтты. Сұлуфан Саматқызын басына орамал тартып, оранып жүретін болғандықтан өзін көптеген мекеме жұмысқа алғысы келмейді екен. Діни көзқарасына байланысты жабық киінетін ару желіде бұл мәселеге қатысты жанайқайын жеткізді деп хабарлайды Newsroom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ сілтеме жасап.

«Қалаулым» жобасының бірінші маусымында бой көрсеткен қатысушы қыз орамал тағып жүргендіктен жұмысқа орналаса алмай әлек болғанын жайып салды. Сұлуфан есімді ару өзі тап болған жағдайдың анық-қанығын Instagram парақшасында баяндап берді.

«Орамалмен жұмысқа орналаса алмай жүрмін! Қызық, осындай жағдай болады деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Жұмыс уақытында намаз оқуға рұқсат етілген, бірақ орамалға рұқсат жоқ! Неге? Мүлдем ақылға қонымсыз! Эмоциям бетіме шығып тұрады. Кей адамдар жасыра алады, мен жоқ. Бірден эмоцияға беріліп кетемін. Дәл қазір не ойлап жатқанымды білесіз бе? Білмейсіз. Ешкім жоқ жерге немесе мені ешкім танымайтын жерге барып, сәл ойымды жинақтап, айналамдағы болып жатқан дүниелерді ой елегінен өткізсем деймін.Ол үшін қайда билет алсам болды екен? Мальдивиға ма әлде? Грузияға кетсем. Қайдағы Мальдиви, қайдағы Грузия! Жұмыс жаса! Бірақ, қайда және кім болып» , – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Қалаулымның» тағы бір қатысушысы Камила Әділхан өзінің қазіргі табысы туралы бар шындықты айтты. Жақында ана атанған ару бір жылда екі пәтер мен екі көлік сатып алған.

View this post on Instagram

ОРАМАЛМЕН ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСА АЛМАЙ ЖҮРМІН! ⠀ Қызық, осындай жағдай болады деп үш ұйықтасам түсіме кірмеген. Жұмыс уақытында, намаз оқуға рұқсат етілген, бірақ ОРАМАЛҒА РҰҚСАТ ЖОҚ! НЕГЕ?! ВООБЩЕ НЕ ЛОГИЧНО! ⠀ Эмоциям бетіме шығып тұрады. Кей адамдар жасыра алады, мен жоқ. Бірден эмоцияға беріліп кетемін. Дәл қазір не ойлап жатқанымды білесіз бе? Білмейсіз😊 ⠀ Ешкім жоқ жерге немесе мені ешкім танымайтын жерге барып, сәл ойымды жинақтап, айналамдағы болып жатқан дүниелерді ой елегінен өткізсем деймін. Ол үшін қайда билет алсам болды екен…? Мальдивиға ма әлде… Грузияға кетсем… ⠀ Деееееп оттай бермеш, а!🤦🏻‍♀️ Қайдағы Мальдиви, қайдағы Грузия! Жұмыс жаса! Бірақ, қайда және кім болып?!

A post shared by Sulufan Samatqyzy 📎 (@sulufan__________) on

 

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:

Тағы да

Scroll Up
Close