Спорт / ШоуБиз

Жанар Дұғалова сахнада оңбай құлады

Танымал әнші Жанар Дұғалованың әлеуметтік желіде Семейде өткен концертте аяғы қайырылып кетіп, құлаған видеосы тарады. Бұл туралы newsroom.kz  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әнші “Кім үшін” әнін айтып тұрып, сахнада оңбай құлады. Десе де, өнер иесі ән айтуын тоқтатқан жоқ. Жанындағы адамдар өнер иесінің тұруына көмектесті. Әнші қатты ауырсынған болу керек, сахна жанында тұрған тәртіп сақшыларының біріне сүйеніп тұрып әнін жалғастырды.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары аяушылық білдіріп, видео астына түрлі пікір қалдырды. Алайда Жанар Дұғалованың ішімдік ішпегеніне күмән келтіргендер де табылды.

“Ауырып қалды-ау аяғы”, “Сахнада ондай жағдай көп болады”, “Аяғы ауырып сүйеніп тұр”, “Шаршап тұрған сияқты”, “Биік өкшемен ыңғайсыз”, “Ішіп алған ба?”, “Мас болар”,  – деп жазды желідегілер.

Болған жағдайдан кейін әншінің аяғына гипс салған суреттері тараған көрінеді. Соған қарағанда желі қолданушылары өнер иесінің жарақаты ауыр деп топшылады.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.