Спорт / ШоуБиз

Қазақстандық гимнаст көркем гимнастикадан Азия чемпионы болды

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр.

Қазақстандық гимнаст Алина Әділханова көркем гимнастикадан Азия чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  ҚР Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінен мәлім еткендей, ол Азия чемпионатында ұршық жаттығуы бойынша 24.00 ұпайын еншіледі. Ал Өзбекстан өкілі Тахмина Икрамова екінші орыннан көрінсе, қытайлық Ятинг Жао үздік үштікті қорытындылады.

Сондай-ақ қазақстандық тағы бір гимнаст – Адиля Тілекенова қола медаль жеңіп алды. Ол жүлдені лентамен жаттығуда ие болды. Бірінші орын – Я.Жаоға, екінші орын Т.Икрамоға бұйырды. Айта кетейік, бұған дейін Алина Әділханова екі «күміс» алған болатын.

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты Ташкентте өтіп жатыр.

 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.