Спорт/Шоу-Биз

«Жүрісінен білініп тұр»: Мөлдір Әуелбекованың екінші сәбиін күтіп жүргені рас па

2.2
(5)

Жақында ғана екінші мәрте тұрмысқа шыққан Мөлдір Әуелбекованың жеке өмірі бүгінде ел аузында. Бұған дейін желі қолданушылары әншінің жолдасы кім екенін біле алмай әлек болса, енді өнер иесінің аяғы ауыр екенін жарыса болжауда. Олардың мұндай тұжырымына эстрада жұлдызының тарап кеткен видеосы себеп болған, – деп жазады NewsRoom+ тілшісі  KAZ.NUR.KZ. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Мөлдір Әуелбекованың екінші мәрте тұрмысқа шыққанына риза болған жанкүйерлері енді тіптен қуанып жатқанын жазуда. Желідегілер өнер иесінің видеосына қарап, оның жүкті екенін болжап жатыр.

Халықтың қызу талқысын әншінің Instagram желісіндегі фан-парақшаларының бірінде жарияланған видео тудырған. Онда шоу-бизнес жұлдызының елордадағы адамдар көп жүретін көпірмен серуендеп келе жатқанын көруге болады.

Ол басына қара орамал тартып, үстіне кең киім киіп алған. Оған қоса, Әуелбекова өзін танып жатқан отандастарымен суретке де түсуден қашпады. Өнер иесінің өмірін жіті бақылап жүретін желі қолданушылары аталмыш бейнежазбаның астында қызу пікірталас ұйымдастырған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.2 / 5. Бағалар саны: 5

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close