Спорт/Шоу-Биз

Қазақстан құрамасының экс хокейшісі АҚШ-тың мэрі болды

0
(0)

Брэндон Боченски Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы сайлауда жеңіп, Американың Гранд-Форкс қаласының мэрі қызметіне тағайындалды, – деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша бұрынғы хоккей жұлдызы, бүгінде кәсіпкер Боченски ұзақ жыл басқарған Браунды ғана жеңбей, қалалық иммиграция қызметкері Робин Дэвидтен де басым түскен.

«Бес ай бойы жұмысқа барыңды салып, керемет нәтижеден рахат табады екенсің. Менің ойымша қалаға өзгеріс керек еді. Және біз оны өзгерттік. Сондай-ақ бұл өзгерістер тек жақсы жағына болмақ»,-дейді жақында ғана хоккей матчын аяқтаған Боченски.

Боченски барлығы 5 663 дауыс жинаған, 49,62 пайызын. Браун болса 3360 дауыс немесе 31,81%, ал Дэвидте 1989, немесе 17,43% жинаған.
Еске сала кетсек, Боченски Қазақстан құрамасының атынан үш әлем чемпионатына қатысып, капитаны болған. Ұлттық командада ол 15 ойын өткізіп, 12 ұпай (5+7) жинаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close