Спорт/Шоу-Биз

«Жас қыздай»: Мінсіз мүсінін паш еткен Дильназ Ахмадиеваға ел тәнті болды

3.1
(14)

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Дильназ Ахмадиева желіде мінсіз мүсінін паш етіп, қалың көпшілікті қатты таңғалдырды. Ана атанғаннан кейін қатты арықтап кеткен өнер иесін жанкүйерлері танымай қалған. Олардың айтуынша, әнші үш ай бұрын босанған әйелге мүлдем ұқсамайды, – деп жазады NewsRoom+ тілшісі  KAZ.NUR.KZ. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Карантин уақытында ұлды болған Дильназ Ахмадиева декреттік демалысында жатып алуды ұйғармайтын көрінеді. Эстрада жұлдызы шығармашылығын қайта қолға алып, журналистермен де тілдесуге уақыт тапқан. Әнші сәбиін босанғаннан кейін «НТК» арнасына алғаш рет сұхбат беруге барып, көпшілікті өзіне қаратқан.

Instagram желісінде жарияланған видеоларға қарап, өнер иесінің қатты салмақ тастағанын байқауға болады. Аз уақыт ішінде салмақ тастаған Ахмадиеваны жанкүйерлері де танымай қалған. Олар әншіні үш ай бұрын босанған келіншек деп айтуы қиын екенін жарыса жазуда.

«Қыздай болып кетіпсің» , «Неткен фигура» , «Адам сенгісіз, шынымен Дильназ ба? Қалай қатты арықтап кеткен?» , «Мүсінің мінсіз ғой» , «Үш ай бұрын босанды деп кім айтады?» , «Қалай тез формаға келіп алған?» , «Тәнтімін, ана болу сізге жарасады. Одан бетер сұлу болып кеттіңіз» , «Жақында ғана ана атанды ғой. Сене алар емеспін, қанша тер төкті десеңші осылай салмақ тастау үшін – деп жазуда көпшілік.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.1 / 5. Бағалар саны: 14

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close