Спорт/Шоу-Биз

Ернар Айдар: Бәле жабысқанда не істеріңді білмей қалады екенсің

0
(0)

Қазақ эстрадасының жұлдызы Ернар Айдар өзі өткізген ұтысқа қатысты даулы оқиғадан кейін біраз уақытқа әлеуметтік желілерден алыстап кеткен еді. Алайда, араға бірнеше апта тастап, өнер иесі ғаламторға қайта оралды. Барша жанкүйерлеріне жазба арнаған әнші оларға қазіргі жағдайын жеткізіп, атышулы оқиғаға қатысты істің қалай өтіп жатқанын баяндады, – деп жазады NewsRoom+ тілшісі KAZ.NUR.KZ. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ернар Айдар ұтыс ойынына қатысты даулы оқиғаның тың мәліметтерімен Instagram парақшасында бөлісті. Шоу-бизнес жұлдызы өзіне жаудырылған сансыз сыннан кейін қандай күй кешкенін айтып, көпшіліктің жолдап жатқан сұрақтарна жауап берді.

«Ассалаумағалакүм құрметті де, ардақты ағайын. Мен де қазір бәрі жақсы, маған алаңдап, уайымдап, дұға-тілектері мен жылы сөздерін жолдап жатқан ағайынға басымды иіп рахметімді айтамын.

Тергеу жайлы сұрап жатқандарға: ЭТД маған айтаұын бойынша ойын ұйымдастырушылары қамауда, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Олар қашан аяқаталатыны белгісіз. Ал мен өз тарапымнан тергеу жұмысына, ойынға қатысты барлық мәліметті беріп қойғам. Күтейік, Алла қаласа тергеу аяқталып, бәрі жақсы болады.

Билеттің ақшасын сұрап жатқан ағайынға: Менің ақшаға ешқандай қатысым жоқ. Сіздердің ақшаларыңыз ұйымдастырушыларда, ақшаға сол ұйымдастырушылар жауап береді. (Оспанов Азат, Темірбек Ернар) Қазірде ЭТД осы ұйымдастырушылардың үстінен тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Менің бар шындығым, мен де сіздер сияқты алданып қалдым. Бұл нәрсе маған ауыр тиді. Себебі, қаның түгіл ойыңда жоқ нәрсе, саған келіп бәле болып жабысқан да не істеріңді білмей қалады екенсің. Инстаға көптен шықпағанымның да себебі сол. Әуелі Алла, ата-анам, аға-бауырларым, достарым жақын-жуық, туған-туыстар маған сенім білдіріп өз қолдауларын көрсетті» , – деп жазды ол. Өнер иесі бұл қиын уақытта өзінен теріс айналмай, барынша қолдау білдіруге тырысқан тыңдармандарына алғысын аямады.

«Өнерімді сүйіп, мені өз баласындай көріп, маған сенім артқан қазақ халқыма, сағынышты сәлемім мен шексіз алғысымды айтамын. Өнердегі де, өмірдегі де, аға-әпкелерім, бауырларым, менің сүйікті тыңдармандарымның «Сені сағындық» , «Біз сенімен біргеміз» деген шынайы тілектерін оқып, естіп қатты қуанып, бойыңда ерекше жігер, күш-қуат пайда болады екен. Баршаңызға басымды иіп рахмет айтамын, маған халқымның ақ тілегі мен, ақ батасынан асқан байлық та, атақ та жоқ. Өнеріме құрмет пен қарап бағалайтын ағайынды, алдағы уақытта жақыс жаңалықтар мен қуантуға тырысамын» , – деді Ернар Айдар. 

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close