Спорт/Шоу-Биз

«Қазақстан аруы» келін атанғалы жатыр

0
(0)

Дәл туған күнімде менің Хакимым үйленуге ұсыныс жасады. Бұл күтпеген жағдай болды.

«Қазақстан аруы – 2019» байқауының жеңімпазы Мадина Батық инстаграмм желісі арқылы оқырмандарымен қуанышты жаңалығымен бөлісті, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Мәдинаның айтуынша, сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасапты. Жігіті үйлену турал ұсынысты дәл оның туған күнінде жасаған екен.

«Мен «иә!» дедім. «Сен маған тұрмысқа шығасың ба?» деген сөздерді есту әрбір қыздың арманы болар. Бұған дейін махаббат жайында көп ойлайтынмын. Оны қалай түсінуге болатыны жөнінде мың толғандым. Ал кеше 21-туған күнімде менің Хакимым маған үйленуге ұсыныс жасады. Бұл күтпеген жағдай болды. Ойымда «Қатты жақсы көремін, иә» деген сөздер ғана болды» , – деп жазған ол Хаким есімді болашақ жарымен бірге түскен фотосын жариялаған.

Stan.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, тұрмысқа шығу туралы ұсыныс оған күтпеген жерден жасалған. Хаким Астанада, ал өзі туған күнін атап өту үшін Павлодарға барған. Алайда жігіті артынан іздеп барып, өзінің өмірлік жары болу турлы ұсыныс жасапты.

Мадина Батықтың сүйіктісі кәсіпкер, ол ерлердің іскери киімдерін тігумен айналысатын көрінеді.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close