Спорт / ШоуБиз

Сұмдық! «Алып жүрген жалақым әлі — 270 мың теңге» – Нұрлан Қоянбаев

Отандық теле және кинопродюсер Нұрлан Қоянбаев бір кездері «Түнгі студиядан» кетіп қалған. Ол осының себебін түсіндірді, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Әзілкеш жақында бизнес форумда өзінің өмір жолын айтып берген. Соның ішінде киноға қалай келгеніне тоқталды. Бір кездері ол «Түнгі студия» бағдарламасынан қол үзіп, кино түсіруді бастаған еді.

Жасым қырыққа келген. Бірақ алып жүрген жалақым әлі — 270 мың теңге. Рейтинг әкеліп жатырмын. Айлығымды көтересіздер ме? Өтінемін. Мені адамдар танып, суретке түсіп жатыр» деймін. «Жоқ, талап сондай. Өзгермейді» деп көтерген жоқ, — дейді Нұрлан Қоянбаев.

Ол осыдан кейін қарызға да кіріп кетіпті. Тіпті, үйінде ет алуға да ақшасы қалмаған.

Бірақ түр бермеймін. Қалтамда көк тиын жоқ. Әйелім «Ет аламыз ба, жоқ па?» деп сұрап жатыр. Үйде ет алу мәселесі сұрақ болып тұр. Жаман шаршап, жылағым келіп кетті. Әйелім менен 8 жас кіші. «Отбасыма ақша тауып бере алмаймын ба?» деп қысылдым, — дейді әзілкеш.

Сол кезде кіші қызы Нұрай банк шынысына жинап жүрген ақшасын берген. Соған ет алған екен.

Мұны естіп өкіріп жыладым. Осыдан соң, жететін шығар деп, телевидениеден кетіп қалдым. Кинода жүріп, 12 миллион доллар табыс таптым, — дейді Нұрлан Қоянбаев.

Фото: sn.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.3 / 5. Бағалар саны: 4

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

2 Comments

2 Comments

  1. Айжан

    10.12.2022 at 11:26

    Жоқшылық адамды шыңдайды, неге қабылетті екенін көрсетеді. Нұрлан творчествалық табыс тілеймін! Шығар биігің алда, алған бетіңнен тайма!

    • Айжан

      10.12.2022 at 11:27

      Жоқшылық адамды шыңдайды, неге қабылетті екенін көрсетеді. Нұрлан творчествалық табыс тілеймін! Шығар биігің алда, алған бетіңнен тайма!

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.