Спорт / ШоуБиз

Жуырда ғана ұзатылған Төреғалидың қарындасы бір ай өтпей төркініне қайтып келді

Жуырда ғана ұзатылып, кейін дүркіретіп той өткізген Төреғалидың кенже қарындасы әлі елдің аузында жүр. Бұл жолы Дина Төреәлінің төркініне келгені жұртқа жақпай қалған, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Әуелі қалыңдыққа сырға салынды, кейін қос тарап құдаласты. Ал жуырда қыздың ұзату салтанатын өткізіп, одан кейін жігіт жақта дүркіретіп той жасалған еді.

Дәл осындай дүбірлі тойдан кейін Төреғалидың қарындасы бір ай өтпестен өз үйіне, яғни ата-анасының шаңырағына қайта келген. Төркінінде жүрген Динаның бұл қылығын оқырмандары түсіне алмай әлек. Алайда жас келін ата-енесімен, жолдасын ертіп «ескі ашу» рәсіміне келгенін айтыпты.

«Есік ашу» — үйленгеннен кейін күйеу бала мен жас келінді және жаңа құдаларды қыз ұзатқан жақ үйіне шақырып, тәтті шай беру дәстүрі екен. Бұл рәсімді естіген желі қолданушылары Төреғалидың отбасын сынап, өз үйіне орамал тағып келген Дина Төреәліге нешетүрлі пікір жазыпты.

«Ұзатылған қызда «есік ашу» болмайды. Не істерін білмей жүрген тәлпіштер ғой», «Қыз төркініне келгенде орамал тақпайды ғой. Бұл жақта салт басқаша ма?», «Соны айтамын. Әке-шешесінің үйінде қалай орамалмен жүреді?», — деп сынады желі қолданушылары.

Фото: exk.kz

Әлеуметтік желіде өзіне бағытталған жағымсыз жазбалардан Төреғалидың қарындасы хабардар екен. Ол төркінінде не үшін басына орамал тартып жүргенін көпшілікке түсіндіріпті.

Фото: exk.kz / instagram.com/toregalitoreali__fc

Көп оқырманым осыны жазыпты. Қанша жерден өз үйіме барсам да ата-енеммен бірге бардық. Ал ол кісілер бар жерде орамалсыз жүре алмайды екенмін, — деп жауап берді Дина Төреәлі.

Фото: exk.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 14

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

1 Пікір

1 Пікір

  1. Жанат

    10.12.2022 at 00:59

    Керемет
    Көргенді жердің қызы екен
    Ақылды келін
    Бақытты болсын

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.