Спорт / ШоуБиз

Байлар да жылайды! «Реал» жылыжай салу үшін € 225 млн несие алды

алпы сомасы € 225 млн және 27 жылға белгіленген пайыздық мөлшерлемемен 1,53% жаңа несие алды.

Мадридтық «Реал» футбол клубының баспасөз қызметі ресми сайтында «Сантьяго Бернабеу» стадионын қайта құру жобасына енгізілмеген жұмыстарды кеңейтуді қаржыландыруға несие алғаны туралы мәлімдеме жариялады.

Жалпы сомасы € 225 млн және 27 жылға белгіленген пайыздық мөлшерлемемен 1,53% жаңа несие арқылы клуб стадионда үлкен жерасты жылыжайын салуға ниетті, ол күрделілігіне байланысты бастапқы жобада қарастырылмаған. Бұл жылыжай көгалдарды автоматты түрде бүктеп, оны оңтайлы жағдайда және футбол матчтары кезінде қолдануға ыңғайлы етіп сақтауға мүмкіндік береді. Осылайша, көгалдарға әсер етпестен өткізілетін іс-шаралар саны максималды болады дейді клуб тарапы.

Бұл несиелеу шарттары спорт индустриясында ұзақ мерзімді қаржыландыру үшін ең жақсы болып табылатын көрінеді. Қарыз сондай-ақ негізгі соманы өтеу үшін жеңілдікті кезеңді қамтиды.

«Реал Мадрид» бұл келісімді әдеттегі клубтық басқаруға әсер етуі мүмкін ипотекалық кепілдіктерсіз немесе қаржылық шектеулерсіз жауып тастаған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.