Спорт/Шоу-Биз

Қыз кейпіндегі қазақстандық жұлдызды жігіттер елді «естен тандырды»

3.1
(46)

Әлеуметтік желіде қыз кейпіндегі отандық шоу-бизнес серілерінің суреттері тарап, халық арасында қызу талқыға түсті. Талай арудың арманына айналған өнерлі азаматтар фотошоп көмегімен бір мезетте сұлу сылқымдарға айналып шыға келген, -деп жазады NewsRoom+ тілшісі  KAZ.NUR.KZ. ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Желі қолданушылары сүйікті әртістерінің қыз кейпіндегі түрі қандай болатынын білу үшін олардың суреттерін арнайы фотошоп қосымшаға салған. Нәтижесінде сері жігіттердің барлығы нәзік жанды аруларға айналып кеткен. Олардың қатарында Нұрболхан Шарапов, Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі, Айқын Төлепберген, Тәуекел Мүсілім, Санжар Мадиев, Димаш Құдайберген, Димаш Әділет, Асылхан Төлепов, Қуандық Рахым, Мұхит Сапарбаев, Нұрболат Абдуллин, Нұрлан Қоянбаев және Елдос Қадірханов бар.

Фото: Instagram/qaz.stars

Желідегілерге жоғарыда аталған өнерлі азаматтардың ішінен Әбдіжаппар Әлқожа мен Санжар Мадиевтың қыз кейпіндегі түрі аса тартымды болып көрінген. Олар шоу-бизнес серілерінің ерекше образдарын қызу талқылап, өзіне қайссы көбірек ұнағанымен бөлісуде.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.1 / 5. Бағалар саны: 46

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close