Спорт / ШоуБиз

Қаржы пирамидасын құру бойынша күдікті қазақстандық вайнер Түркияда ұсталды

Ақпан айында халықаралық іздеу жарияланған вайнер Әзімжан Саидбаев Түркияда қолға түскен, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz дереккөздеріне сүйене отырып.

Алматы қаласының полиция департаменті «Қаржылық инвестициялық пирамиданы құру және оған басшылық ету» бабы бойынша күдікке ілінген Әзімжан Саидбаевқа халықаралық іздеу жариялаған. Бірақ жеті айдан бері хабар болмаған. Ал онымен бірге осы іске қатысы бар деп күдікке ілінген Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауда отыр.

Журналист Михаил Козачков бүгін вайнердің Түркияда ұсталғанын жазды.

Түркияда халықаралық іздеуде жүрген комик-актер «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген Әзімжан Саидбаев ұсталды. Ол ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің бірі ретінде де айыпталуы мүмкін, — деп жазды журналист.

Бірақ Қазақстан интерполы бұл ақпаратты әзірге растамай отыр.

Фото: Total.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.