Спорт / ШоуБиз

Түркістанда ат спортын тегін үйренуге мүмкіндік туды

Түймебек Жұмалиев – аударыспақтан еліміздің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы. «Хабар 24» дереккөздеріне сүйене отырып, білікті бапкер балаларға ат үстінде күресудің айла-тәсілдерін үйретуде деп newsroom.kz хабарлайды.

Егер иекемі бар балалар болса, өзі жаттықтырушы болып жұмыс істейтін облыстық ұлттық спорт түрлері мектебіне шақырады. Бекзат пен Арманның атқа қызығушылығы жоғары. Қазір аударыспақтың қыр-сырын әбден меңгеріп алған. Ат үстінде қалай отыру керек? Қарсыласты қалай аттан аударып тастауға болады? Бәрін меңгеріп алыпты.

Алмас Маратов, Шымкент қаласының тұрғыны:

Аударыспақта білегің мықты боу керек. Тізені тірей білу керек. Ат үстінде отыра білу керек. Ең бастысы жүрек болу керек. Атқа сенсең ол да саған сенеді демекші атқа жақсы қарай білу керек.

Бекзат Айтбек, Төлеби ауданының тұрғыны:

– Аударыспақ аттың үстінде отырған маған ұнайды. Білекті, жүректі болсаң, жеңіске жетесің. Аттың үсінде бекем отыру керек, белді болу керек. Ағаларыма қарап, ағаралыма қызығып осы спортқа келдім.

Табиғаты тамаша Төлеби ауданының Қаратөбе ауылында өтетін жаттығуға ауыл балаларынан бөлек, Шымкент пен Леңгір қаласынан да жеткіншектер келіп қатысады. Бұл біріншіден балалардың жазғы демалысын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануына сеп болса, екіншіден ұлттық ойындарды насихаттап, жас ұрпақтың бойына сіңірудің бір жолы. Мамандар ұлттық спорт ойындарына жасөспірімдердің қызығушылығы жоғары екенін айтады.

Түймебек Жұмалиев, облыстық Ұлттық спорт түрлері мектебінің жаттықтырушысы:

– Жасөспірімдердің ұлттық спорт – аударыспаққа өте қызығушылығы жоғары. Құмар бәрі, оған өзіміз қуанамыз. Оқушылар көп келеді. Әр тренердің өз оқушылары бар. Оларды дайындаймыз. Аударыспаққа білектің, белдің күші мықты болу керек. Әдіс-айла, ойдағыдай жаттығу болу керек. Далада атпен жаттығу жасатамыз. Тер төксең мықты боласың.

Түркістан облысында балаларды ұлттық ойын түрлеріне баулитын екі спорт мектебі бар. Оның бірі Шымкент қаласында, екіншісі Түлкібас ауданында орналасқан. Онда спорттың он түрі бойынша мыңға жуық жасөспірім жаттығады.

Assembly.kz дереккөздеріне сүйене, аударыспақ — спортшыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық спорттың бір түрі (екі салт атты бір-бірін аттан аударып алуға тырысады).

Аударыспаққа тәртіп бойынша ат үстіндегі айқасты жақсы меңгерген, тиянақты дайындығы бар спортшылар ғана қатынаса алады. Ал дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз спортшылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан қазіргі тәртіп бойынша сайысқа 18 жасқа толғандар ғана қатынастырылады. Сайысқа қатынасушылар үш салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспақ салмақтық категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтың категорияны енгізудің мақсаты — қатынасушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Оны спорттың сайыстың бір түріне айналдыру үшін бір-біріне тең келетін салмақтық категорияны көбейту дүрыс. Бұл категорияға бөлу соңғы кезде қалыптасты. Ертеде кез келген тілек білдіруші өз еркімен қатынаса беретін болған. Амал қанша, спорттық жарыстарда сол үш категорияның өзі де көбіне әлі де сақтала бермейді. Спорттың бұл түрінің дамуымен бірге, сөз жоқ оның салмақтық категориясы да көбейе, кеңейе беретіні күмәнсіз.

Ойында аты белді, жарамды, өзі мықты, атқа отырысы мығым, білікті жігіттер жеңіп шығады. Сайып келгенде, аударыспақта негізгі рольді ат пен ойыншы жігіттер атқарады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу ат пен жігіттің үндескен қимыл-бірлестігіне сүйене отырып, күш-жігердің басымдығын көрсететін қалыпты, байсалды шеберлікке үласып жатуы шарт.

Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр.

Фото: Қазақстан халқы Ассамблеясы

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 1

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.