Спорт/Шоу-Биз

Әнші Шахизада тағы да тұрмысқа шықты

3
(8)

Әнші Шахизада тағы да тұрмыс құрды. Бұл туралы Newsroom+ақпарат агенттігі әншінің Инстаграм парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Желідегі оқырманы құтты болсын айтып, бақыт тілеп жатыр.

“Аллаға шүкір. Бүгінгі күн біз үшін ерекше бақытты күн. Махаббат жас таңдамайды. Адамның көңілі қартаймайды. Достарым, Сіздерге мың алғыс. Жақсы, таза көңіл тілектеріңізге. Бақытты болыңыздар, жақсыларым”, – деп жазды әнші парақшасында.

 

Желідегі оқырманы ақ тілегін асыра жазды. Енді бірі әже атанған әншінің бұл әрекетіне таңғалысты.

“Өте дұрыс! Жалғыздық құдайға ғана жарасқан!”, “Махаббат жас талғамайды. Жалғыздық құдайға ғана жарасқан. Дұрысы сол өзгеру керек. Бала бала деп ертең қартайғанда шүйіркелесіп шай ішіп отыратын шал керек” – деді олар.


“Нешінші рет тұрмыс құрып жатырсыз?”, “Немереңіз бар емес пе? Кеш емес пе?”, “Қазір ажырасу да, үйлену де оңай болған ба, сәнге айналған ба”, деп жазды енді бір топ.

Шахизада жолдасының суретін жариялаған жоқ. Оның кім екенін де ашып айтпады. Бұған дейін әнші өзінің сүйіктісі барын жасырмай айтқан еді.

Айта кетейік, Шахизаданың үш немересі бар.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3 / 5. Бағалар саны: 8

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button