Спорт/Шоу-Биз

Айнұр Тұрсынбаева шұжық шығаруға кірісті

3.5
(57)

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева жаңа кәсіппен айналысуға кірісті, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Бұл ісі туралы айтыскер өзінің Instagram парақшасында жазды. Ақынның жазуынша, оның шығаратын өнімдері халал, шұжық жасауға қолдану үшін сойылатын мал ислам шарттары бойынша сойылған екен.

«Ал сүйінші! “АЙДЫҢ НҰРЫ” деген атпен халал шұжықтары сатылымға шыға бастады. Шұжықтың 10 шақты түрін, оның ішінде, «Қазақстандық» деген атпен тұңғыш рет шығып жатқан өнімдерді сіздерге ұсынамыз!

Халал сосикалар, сарделькаларды да шығарып жатырмыз. Бағасы қол жетімді! Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы тексеріп берген халал сертификаты бар. Малдардың ислам шарттарымен бауыздалып сойылатынын да айта кеткім келеді», – деп жазды ол.

Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары «Құтты болсын, іске сәт, қандай күшті, керемет!» деп айтыскерге қолдау білдіріп жатыр.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 57

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Scroll Up
Close