Спорт/Шоу-Биз

Төреғали Төреәлі қызының туған күнін ерекше атап өтті

0
(0)

Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы Төреғали Төреәлі екінші қызының туған күніне ерекше есте қалатын қызықты мерекелік шара ұйымдастырған, – деп жазады NewsRoom+ тілшісі  Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы әнші өзінің Instagram парақшасында көре аламыз. Төреғали қызы Тоғжанды туған күнімен құттықтап, өз әкелік тілегін жолдаған.  «Тоғжан Төреәлі. Екінші перзентіміз өзіміздікі болады ғой деп жүруші едік. Үшіншісі де, төртіншісі де атасы мен әжесінікі болды ғой. Маған тек есімін қою мәртебесі бұйырған еді.

Ал атасының қызы туған күніңіз құтты болсын! Денсаулығыңыз мықты болсын» , – деп жазды өнер иесі.  Жұлдызды отбасы мүшелері жеке парақшаларында мерекелік шара кезінен фото және видеолармен бөлісіп үлгерді. Әншінің қарындасы Фариза Төреәлі туған күнге жолдасымен бірге келіп, Тоғжанға ерекше құттықтап қайтқан.

Жас жұбайлар туған күн иесіне үлкен қуыршақ сыйлады. Бейнежазбаларға қарап, отбасылық шара балаларға арналған мейрамханада өткенін көруге болады. Онда өнер иесінің перзенттерінен басқа бүлдіршіндер де болған.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close