Спорт/Шоу-Биз

Тележүргізуші Айгүл Мүкей үшінші рет ана атанды

0
(0)

46 жастағы белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей ұл босанды. Бұл туралы тележүргізушінің өзінің Инстаграм парақшасында жазды.

Ол медициналық қызметкерлерге алғыс айтып, өзі үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, амандығын тілеген жақын адамдарына да ризашылығын білдірді.

«Аллаға шүкір, ұл босандым. Бүгін сағат 12.19-да тағы бір батыр дүниеге келді. Сабырлы, қараторы, әжесі сияқты. Мен әлі өз-өзіме келе қойған жоқпын … », – деп жазды бақытты ана.

Айта кетсек, тележүргізушінің бір ұлы мен бір қызы бар. Енді ол үш баланың анасы.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button