Спорт/Шоу-Биз

Ләйлә Сұлтанқызы: Алмас Кішкенбаев отырған автобусты төңкеріп кететіндей жағдайлар болатын

1.7
(6)

Шаңырағының шайқалуы өміріне ғана емес, өнеріне де салқынын тигізген Алмас Кішкенбаев шығармашылығы, жоспарлары жөнінде «Ең алғашқы» бағдарламасында айтып берді, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.

Superstarkz жеңімпазы танымал байқаудан кейін көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, миллиондаған көрерменнің сүйікті әншісіне айналды. Алайда соңғы жылдары сахнадан көп көрінбей кеткені жасырын емес. Мұны алғашқы продюсері Ләйлә Сұлтанқызы Алмастың ажырасуымен, салдарынан терең күйзеліске түсуімен байланыстырады.

«Алмаспен Кентау қаласына, Қызылордаға гастрольмен барғанда, бүкіл алаң толы адам. Алмас қазіргі «91» тобы сияқты. Отырған микроавтобусын төңкеріп кететіндей жағдай болды. Бірақ осы танымалдылықтың ұзақ болуына қандай да бір іс-әрекеттер жасау керектігін біз аса қатты білмедік. Ол өмір бақи солай болады деп ойлаған болуы керек. Себебі стрестік жағдай оның тікелей ажырасуымен байланысты болды. Одан кейін толып кетуі. Одан кейін алып-қашпа сөздер көп болды. Меніңше, Алмас қатты күйзелістің салдарына түсірілімдерге келуді қойды. Оған өзгеру қиын, бірақ тырысу керек. Алмаста тарих бар. Алмас – Superstar-дың бірінші жеңімпазы. Меніңше бұл көп адамдарда жоқ нәрсе. Осыны пайдалану керек. Енді бір қадам жасап үлгермесе, бәрі мүлдем ұмытып кетуі мүмкін» – деген пікір білдірді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ал Superstarkz-тен қатар шыққан сахнадағы әріптесі әнші Айқын Алмасты қазіргі заманға сай бейімделе алмады деп санайды.

«Алмас стилін жоғалтып алған сияқты. Қазіргі заманға сай басқа стильді өзгерту керек. Мүмкін оған әнді біреуден іздемей, өзіне жазып көру керек шығар. Композиторлық қырын іздеп көру керек сияқты. Сол кезде керемет туындылар шығатын сияқты», – дейді Айқын.

Алмастың өзі Superstarkz жобасының алғашқы жеңімпазы Айқын болады деп ойлаған.

«Мен үшін Айқын жеңімпаз болатын. Айқын шығып кеткенде қатты таңғалдым. Алайда Айқын шығып кеткеннен кейін өз-өзіме деген сенімділік артты. Ал қазіргі шығармашылығыма келсек, маған «91» тобы ұнайды. Бірақ мен дәл сол бағытта айта алмаймын. Алайда қуанышқа орай, қазір мелодияға бай әндерге сұраныс артып келе жатыр. Көптеген әндерді жазып, аранжировкасын жасап қойдым. Астанадан Алматыға көшуімнің де басты себебі осы», – дейді Алмас Кішкенбаев.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 1.7 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Ақнұр Сағатова

Инстаграм парақшасы

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button