Спорт

Қазақстандық таеквондошы Әділет Базарбаев күміс жүлдегер атанды

Әділет Базарбаев Испанияда күміс жүлде иеленді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады деп жазады newsroom.kz порталы.

Испанияның Аликанте қаласында таеквондодан рейтингілік турнир мәресіне жетті.

Аталған аламанда 63 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Әділет Базарбаев күміс медальге қол жеткізді.

Алматылық таеквондошы алғашқы кездесуінде Рио-де-Жанейро олимпиадасының күміс жүлдегері таиландтық Тавин Ханпрабтан басым түссе, жартылай финал жолдамасы үшін таласта Токио олимпиадасының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы түркиялық Хакан Рекберді ұтты.

Естеріңізге сала кетейік, бұл додаға еліміздің атынан Ә.Базарбаевтан бөлек тағы бес спортшы қатысты.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (700) 685-71-25, Нұр-Сұлтан қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2022
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.