Спорт / ШоуБиз

Дроновты дыңылдатты: Қамшыбек Тәшкенде жеңіске жетті

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатын Қазақстан командасыны Қамшыбек Қоңқабаев жеңіспен бастады, деп newsroom.kz хабарлайды KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Аса ауыр салмақта сынға түсетін Қамшыбек бірінші кездесуде ресейлік Алексей Дроновпен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Бірінші раундтан соң төрешілер ресейлік боксшыны алға шығарған. Алайда екінші және үшінші раундта қарқынын үдеткен Қоңқабаев жеңісті қарсыластан жұлып алды.

Жекпе-жектің үшінші кезеңінде Қамшыбек Қоңқабаевтың ауыр соққысынан Дронов есеңгіреп, төреші нокдаун ашты. Осылайша, команда капитаны, Олимпиаданың қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев әлем біріншілігін сәтті бастап отыр. Ол келесі айналымда сириялық боксшымен кездеседі.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 3.5 / 5. Бағалар саны: 6

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.