Спорт/Шоу-Биз

Мөлдір Әуелбекова «сүйіктісін» көрсетті

0
(0)

Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова соңғы кезде жеке өміру туралы ашық жариялай бастады. Эстрада жұлдызы көлікте бейтаныс ер адамның қолынан ұстап отырғанын суретін Instagram парақшасына жүктеп қойған деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.

Мөлдір Әуелбекова кейінгі кездері «құпия сүйіктісі» туралы сырымен бөлісетін болып жүр.
«Махаббат – жұқпалы ауру! Жұғу жолдары: вирустары көз арқылы кiрiп жүрекке әсер етедi. Белгiлерi: күндiз күлкі жоқ, түнде ұйқы жоқ, тамаққа тәбеті жоқ. Күтiмi: күнде кездесу. Емi – үйлену!» , – деп жазып, желі қолданушыларын одан бетер қызықтыра түскен. Олар сыртынан түсірілген азаматтың әншінің бұрынғы күйеуі еместігін жарыса жазуда.

Бұған дейін әншінің астарлап «тағы бір рет шанс бер» деп жазғанына оқырмандары екі ойлы болған еді. Кейбірі оның бұрынғы күйеуімен жарасқысы келетінін айтса, кейбірі өзге жанға тұрмысқа шығуға ниетті екенін білмей дал болған еді.

Еске сала кетсек, Мөлдір Әуелбекова 2015 жылы тұрмысқа шыққан. Әнші Арыстан есімді кәсіпкер жігіттің жары атанған. Екеуі Салтай есімді ұлды болып, дәм-тұзы жараспай ажырасып кеткен болатын.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close