Спорт/Шоу-Биз

Димаш Құдайбергеннің алғашқы онлайн-концерті өтеді

5
(2)

Димаш Құдайберген өзінің алғашқы онлайн-концертін америкалық Tixr.com. платформасында өткізеді. Билеттерді сатудан түскен қаржының бір бөлігі қайырымдылық бағытына жұмсалатын болады, деп Newsroom+ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Пандемия басталғалы бұл әншінің алғашқы жаһандық қойылымы болмақшы. Концерт – әншінің перформанс шеңберіндегі жаңартылған бағдарламаның жаңа диджитал-форматтағы тұсаукесері.

Шоуда заманауи телевизиялық және виртуалды технологиялар біріктірілетін болады. Бұл көрерменге әртістің жанды қойылымының атмосферасына барынша енуге мүмкіндік береді. Димаш Құдайбергеннің онлайн концертін ұйымдастыруда 140 адамнан тұратын интернационалдық команда еңбек етуде. Концерт барысында Димаш бірнеше тілде ән айтады.

«Димаш шығармашылығының жанкүйерлері үшін қызықты нәрсе жасауға тырыстық. Бірнеше ай бойы есте қаларлық және ерекше дүние жасау үшін үздіксіз еңбек еттік. Бұл концерт барлық көрерменге қуаныш сыйлап, соңғы уақытта барлығымызға қатты әсер еткен жағдайдан арылуға көмектессе деген тілегіміз бар», – деп бөлісті «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі, жобаның продюсері Қанат Айтбаев.

Концерт жөнінде Димаш былай дейді:

«Ең алдымен, мен осы концертті ұйымдастырумен айналысатын барлық командаға, сондай-ақ өз шығармашылығының жанкүйерлеріне  үлкен қолдауы үшін алғысымды білдіргім келеді. Мен қайтадан сахнаға шығып, көрерменмен кездесуді асыға күтемін. Бәрі жақсы болады деп үміттенемін».

Концерт белгілі әлемдік www.tixr.com платформаласында өтеді.

Концерттің нақты өтетін күні қазірше белгісіз.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 5 / 5. Бағалар саны: 2

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button