Спорт/Шоу-Биз

«Жақсы жаңалық жоқ». Хабиб Нурмагомедовтің ағасы әкесінің жағдайы туралы айтты

0
(0)

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің ағасы Умар Нурмагомедов Абдулманап Нурмагомедовтің жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Tengrinews.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Менде нақты дерек жоқ. Қазір көкемнің жағдайы ауыр. Жағдайы сәл жақсарып келе жатқандай, бірақ жақсы жаңалық жоқ дейді», – деп хабарлады Умар Нурмагомедов  Instagram-дағы Gorilla Fighting аккаунтының эфирінде.

Еске салайық, Абдулманап Нурмагомедов 24 сәуірде ауруханаға түскен болатын. Одан вирусты пневмония анықталған, алғашқы күндері жағдайы жақсы болған. Дәрігерлер одан қозғалмауды сұрағанына қарамастан жаттығулар жасап жүрген. Кейін жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне түскен.

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 0 / 5. Бағалар саны: 0

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Бөлісу:
Tags

Тағы да

Scroll Up
Close