Спорт / ШоуБиз

Камшат Жолдыбаева «сырғалым» атанды

Биылғы жыл отандық шоу-бизнес өкілдеріне той жылы болмақ, деп Newsroom.kz тілшісі жазады.

Танымал әнші Ерке Есмахан өзінен 12 жас кіші әнші Райымға тұрмысқа шығып, елді бір шулатып еді. Күні кеше әлеуметтік желілерде отандық әнші, актриса Камшат Жолдыбаеваның сырға салу рәсімінің видеосы тарады. 35 жастағы әншінің таңдауы өзінен бес жас кіші Ғазрет Қажымханұлы есімді актерге түсіпті. Актер екеуі бұрынғы продюссері Баян Есентаеваның «Рауза.Сакураның гүлдеуі» атты сериалына түскен еді. Онда актриса кинодағы әріптесімен ашық сахнаға түсіп, сынға қалған. Кейіннен көрермендер әлеуметтік желілерде

Кәмшат Жолдыбаева мен Ғазрет Қажымұқанұлының қарым-қатынасы жайлы жаңа жұлдызды жұп пайда болды деп болжаған. Актриса өз парақшасына актермен түскен суреттерін жариялады.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы кездері Камшат жабық киініп, орамалмен суретке түскен суреттерін желіге жүктей бастаған болатын. Бұған дейін әнші сахнадағы ашық образдарымен жиі сынға қалатын.

Фото: azattyq-ruhy.kz

Жазба қандай әсер қалдырды?

Жазбаға баға беріңіз!

Орташа 2.7 / 5. Бағалар саны: 3

Әзір ешкім бағаламапты. Алғашқы болып баға беріңіз!

Пікір жазу үшін басыңыз

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Ең Танымал

Редакциямен байланыс:

E-mail: info@newsroom.kz

Телефондар: +7 (775) 186-21-13, Астана қ.

ZERO.kz

Лицензия

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 25.05.2017 жылдан №16544 «NewsRoom +» АА Куәлігі берілген.
© 2017-2023
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.